Клиент құрылғылары мен Басқару сервері арасында ақпарат алмасу, сондай-ақ Басқару консолін Басқару серверіне қосу TLS (Transport Layer Security) протоколының көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. TLS протоколы, қосылған кезде өзара әрекеттесетін тараптарды анықтауға, жіберілетін деректерді шифрлауға және оларды тасымалдау кезінде өзгерістерден қорғауға мүмкіндік береді. TLS протоколының негізінде өзара әрекеттесетін тараптардың түпнұсқалық растамасы және жалпыға ортақ кілт әдісі бойынша деректерді шифрлау жатыр.